Сочинение на тему мой сотовый телефон на казахском ! заранее

alanka280606 alanka280606    2   15.08.2019 13:20    0

Ответы
ubsxydbzed ubsxydbzed  04.10.2020 21:07
             Менің ұялы телефоным
Бүгінде ұялы телефондарсыз жұмыс істеу, істі бітіру мүмкін емес жағдайға жеттік. Қазір екінің бірінің қолында ұялы телефон. Жас та, кәрі де бір-бірімен телефонды құлаққа тосып, күндіз-түні сөйлесумен болады. Бұрын ұялы телефон дегенді тек қана қалталы азаматтардың қолынан көретін болсақ, осы күні титтей балалардың да қолынан түспейтін ойыншыққа айналған. Оны айтасыз, алыстағы ауылдарыңыздың «өзінде» соткасыз» үй жоқ. Қазіргі уақытта ұялы телефон балада да, жасөспірімде де, үлкендер мен қарттарда да бар. Өзіміздің мектебімізде де әр сыныптарда оны барлығы қолданады, себебі ол қазіргі заман талабы. Бұл зерттеу жұмысы екінің бірінің қолында, жамбасында, қалтасында, сөмкесінде, кеудесінде жүрген осы «сотка» дегеннің адамға қаншалықты пайдалы және зиян екендігі туралы ой қозғалады.
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi