Қазақстан жерін ежелден қоныстанып келе жатқан ел — қазақ халқы. Көптеген ғасырлар бойы ел басқарған дана басшыларымыз, қолбасшы батырларымыз кең-байтақ жерімізді сырттан төнген кәуіптен қорғап келді. Қазақ халқы — ержүрек, достыққа адал, бауырмал, қонақжай халық. 1991 жылы 16 желтоқсанда қазақ халқы азаттық жолындағы екі жарым ғасыр бойғы үздіксіз күрестен кейін мемлекеттік тәуелсіздікке қол жеткізді. 1991 жылы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық елдің тұңғыш Президентін сайлау өткізілді, сайлау нәтижесінде мемлекет басшысы болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. 1992 жыл 4 маусым — Парламент отырысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері — Туы, елтаңбасы және Гимні қабылданды. 1992 жыл наурыз — Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды. 1993 жыл 28 қаңтар — Егемен Қазақстанның тұңғыш Конституциясы қабылданды. 1994 жыл 6 шілде — Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің кезекті жалпы отырысында Президенттің астананы Ақмолаға көшіру туралы ұсынысы мақұлданды.