Сочинение на тему казак ырымдары 10-15 предложений на казахском языке

pnzarKarina pnzarKarina    1   02.09.2019 15:10    2

Ответы
iukhg iukhg  06.10.2020 12:32
Ырым дегеніміз өз алдына бір жақсылықтың немесе жаманшылықтың хабаршысы, адамды сақтандыратын белгі іспетті. Сонымен қатар, қазақтарда нені істеуге болмайтыны туралы «тыйым» ұғымымен байланыстағы «ырымдар» да бар (табу).  Бүгінде бұл белгі-нышан түріндегі аңыздардың кейбіреуі тарихи тұрғыда ғана қызығу тудырады, бірақ олардың арасында адамдардың өмір сүруіне, рухани және материалдық байлықты жасап, көбейтуіне көмектесетіндері де аз емес. Сонымен қатар, біздің заманымызға дейін жеткен ырым-нанымдардың көпшілігі пұтқа табынушылықтың (тәңіршілдік, шамандық, сопылық, т. б.) іздері де бар.  Дегенмен, кейбір ырымдар мен нанымдар Құранның жекелеген сүрелерінде баяндалатыны да рас. «Қазақтар киеге үлкен мән береді. Табиғаттың кейбір апаттарын, отты, кейбір жануарлар мен құстарды, көшпелі тұрмысқа қажет заттарды киелі деп қастерлейді. Осы аталғандарды құрмет тұту, ырым жорасын жасап тұру, а байлық пен бақыт — құт әкеледі деп түсінеді. Ал, осы кәделерді ұстамау, киелерді құрметтемеу жоқшылыққа душар етеді. Сондай құдіретті күші бар жан-жануарларды киесі бар дейді, ал олардың өзін киелі деп атайды. Жан-жануарлар мен заттардың киесін қадірлемеу киенің қаһарын туғызады. Киенің ашуы, қаһары — кесір деп аталады». Ш.Ш. Уәлиханов былай деп жазады: «Төрт түлік малдың арасындағы ерекше белгілері барлары құтты жануар болып саналады. Мысалы, жалы мен құйрығында ақ қылы бар жылқылар құтты саналып, сатылмайды, ешкімге берілмейді, себебі, сол малмен бірге құт-береке кетеді, ал әртүрлі себептермен беріле қалған жағдайда, сілекейін алады, ол үшін жылқының жалынан қыл жұлып алып, кететін малдың аузына салып сілекейлеп қалтасына салып қояды». 

Источник: http://e-history.kz/kz/publications/view/899
© e-history.kz
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi