Сочинение на тему казахские национальные игры. .

slyzova1 slyzova1    3   25.09.2019 10:30    2

Ответы
Q666Princess666Q Q666Princess666Q  08.10.2020 18:09

Қазақ халқының ұлттық ойындары.

Халқымыздың екі жүзге жуық салт – дәстүрі мен ұлттық ойындары бар, олардың әрқайсысының тәрбиелік те, танымдық та маңызы зор.

Қазіргі кезде ұлттық ойындарды бес түрге бөліп қарастыруға болады. Олар: аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар.

1. Аңға байланысты ойындар: ақсерек-көксерек, аңшылар мен қояндар, кірпіше қарғу, қас-құлақ, ордағы қасқыр.

2. Малға байланысты ойындар: аларман, асау көк, бура-қотан, көксиыр, соқыр-теке, түйе мен бота.

3. Түрлі заттармен ойналатын ойындар: ағаш аяқ, аққала, ақпа, ақсүйек, ақшамшық, алакүшік, алты-бақан, арқан аттау, арқан тартпақ, арқан тартыс, арынды арқан, асау мәстек, асық, аттамақ, ауыртаяқ.

4. Зеректілікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін ойындар: айгөлек, айдапсал, атқума, аударыспақ, бағана өрмелеу,бөріктастамақ, бұқатартыс, бұрыш, орын тап, отырмақ, санамақ, сұрақ-жауап, ұшты-ұшты т.б.

5. Соңғы кезде қалып-тасқан ойындар: әріп таңдау, сымсыз телефон, сыңарын табу т.б.

Ұлттық ойындарымыз Наурыз мейрамы кезінде, түрлі той - томалақ, мерекелік іс - шараларда, есік алдында балалар арасында ойналады. Қазақтың ұлттық ойындары күні бүгінге дейін жоғалмай, ұрпақтан ұрпаққа мирас болып қалып келе жатыр.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi