Шахмат - ақыл - ойды жетілдіруші ойын түрі. Шахмат сөзі парсы тілінен аударғанда "шах" - патша, "мат" - өлді дегенді білдіреді. Әлемдегі ең кең таралған ойындардың бірі саналады. Бұл спорт түрінің отаны - Үндістан.
Шахмат ойыны екі ойыншы арасында шахмат тақтасында ойналады. Ойын адамның ақыл - ойы мен, алғырлығын, зеректігін арттырады. Себебі ойын бастау үшін ойыншыда 20 түрлі тәсіл болады, ал қарсыласы 400 - ге жуық айла - тәсілмен төтеп бере алады. Шахмат - байыппен ойналатын ойын түрі.
Осы ойын түрінен демалыс күні мектебімізде жарыс ұйымдастырылған болатын. Бұл жарысқа мектеп үйірмесіне қатысушы оқушылармен қатар шахмат ойынын ойнау білетін кез - келген оқушы қатыса алды. Мен де өз бағымды сынап көруге бел буып, қатысып көрдім. Қарсыласым өзімнен екі сынып жоғары оқитын бала болды. Бірнеше жылдан бері шахмат үйірмесіне қатысып жүрген секілді, ойнаған уақытта өте байыпты, әрбір қадамын алдын - ала ойластырып отырды. Шынымды айтсам, маған қарсыласыма төтеп беру оңайға түскен жоқ. Ойын ортасына дейін жеңіске жете алатнымы күмәнім болды. Дегенмен салқынқандылық сақтап, ойынның аяғына дейін өз қобалжуымды көрсетпеуге тырыстым. Сонымен эндшпильге келгенде өзімнің күшіме сеніп, ақырында қарсыласыма "шах" және "мат" беріп, жеңіске жеттім.
Шахмат ойыны туралы.