Сочинение на тему что бы я хотел в себе изменить?

nastiabl5ct nastiabl5ct    2   17.07.2019 20:10    16

Ответы
UAola UAola  03.10.2020 06:37

Шығарма.

Өзімдегі нені өзгертер едім?

«Мен бұрын: "Бәрінің өзгеретініне үміттенемін" деп айтатынмын. Сонан кейін бәрінің өзгеруі үшін өзімнің өзгеруім керек екендігін түсіндім» деген екен америкалық кәсіпкер Джим Рон. Шынымен де, өмір бір орында тұрмай зымырауда. Соған орай адамдар да өзгеруі, алға қарай дамуы не құлдырауы мүмкін. Бұл – заңдылық.

Егер өзімді өзгертер болсам мені артқа емес, алдыға сүйрейтін өзгеріс болғанын қалаймын. Ол үшін мен өзімді жақсы тани алуым керек. Әлбетте, көп адамдар өзінің бойындағы кемшіліктерінен арылғысы келеді. Негізінен ештеңені өзгерткісі де келмеді. Маңдайыма не, қандай болу болу жазылды сол болса деймін.

Ол болмай жатса, мен кейде пессимист болып қалатынымды өзгерткісі келеді. Не болса да оптимист болып, алға жүруден, жарыққа ұмтылудан шармасам деймін. Оған қоса, бойымыздағы нәрсені өзгерту өз қолымызда ғой. Кез келген уақытта, тіпті дәл қазір өзгеруге мүмкіндік бар. Кейін тым кеш болып қалуы мүмкін.

Әрине, Нельсон Мандела айтқандай: «Қоғамды өзгерту қиын емес, қиыны – өзіңді өзгерту». Бірақ бұл өзіміз ғой. Өзіміз үшін өзгермесек, тер төкпесек болмайды.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi