Сочинение на тему "бобекке тилек" на казахском. нужно

tatianani tatianani    2   29.09.2019 18:02    12

Ответы
MrKoopo MrKoopo  29.09.2019 18:02

құлыным бақытты сен болғайсың.өркенің өсіп, келешекте елің мақтан тұтатын ер- азамат бол.аллам өзіңді алдыңнан жарылқасын.біз барлығымыз саған тілекшіміз.

бөбекке тілек

сеніменен атаң - әжең нәрленді,

әр қылығың ана жүзге әр берді.

сен арқылы бесік жақтан әкеңнің

құлағына шырылдаған ән келді.

әдемі ән еді, бәрі бірге тыңдады,

қуанысты, жүрек шат боп жырлады.

сенің әнің ал анаңның талай түн

тыныштығын төрт бөлгізіп ұрлады.

анаң әр кез сені жақсы көретін,

әлдиімен саған ән сап беретін.

қаз - қаз тұрды сосын оның бөбегі

бесігінде түн ұйқысын бөлетін.

барлығы да сені көрді, сені ұқты,

өйткені олар болашаққа сеніпті.

міне, сенің шаттығыңның бірі боп

күнтізбеде туған күнің келіпті.

қуанып жүр енді соған барлығы,

жақсы сөзді айтпақ саған ал бірі.

ал онсыз да саған тілеп жақсылық

барлығының өтпеуші ме еді әр күні.

сенің үнің боп естіліп көркем үн,

таусылмасын солар айтар ертегің.

болашағың жарық, нұрлы болсын да,

ертегі боп келсін тағы ертеңің.

сенің үнің күллі әлемді қаратсын,

жолыңа әр кез жақсылықты жолатсын.

келешектің соқпағынан сәулелі

сенің сәби жаныңдай ақ таң атсын.

әрбір күнің қуанышпен түрленсін,

азаматтық күнді тойлар күн келсін.

соны тілер барлық жүрек, өйткені

сен соларға шаттық болып сіңгенсің.

сенің сәби үнің болып тағылым,

жүрегінде қалып қойған бәрінің.

ертеңіңе есік қағар әр күнде

биік болсын талабың мен танымың.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi