Сочинение на казахском языке про 1 нацианальную ожежду

alyona20107 alyona20107    2   05.08.2019 11:10    3

Ответы
жееннняяя жееннняяя  03.10.2020 23:19
Шапан қазақ халқына кең тараған ұлттық киім.Шапан қазақ үшін өте сыйлы киім.Шапанды қалың матадан қазақтың ою -өрнегін салып тігеді.Шапанды ерлер де ,әйелдер де, балалар де киеді.Шапандар әртүрлі тігіледі.сырмалы шапан, қаптал шапан, қыз-келіншектерге арналған қималы шапан.Қазақ халқында сыйлы қонаққа шапан жабу дәстүрі бар.
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Vitalyalol Vitalyalol  03.10.2020 23:19
Жүгі нарда, қазаны теңде болып көшпелі ғұмыр кешкен қазақ халқы асты өте жоғары бағалап, қастерлей білген. Халқымыз адам өмірінде тамақты тіршілікке қажетті құндылықтардың бәрінен де жоғары қойған. Кез келген қазақы шаңырақтың дастарханын ет тағамдарынсыз елестету мүмкін емес. Сондықтан да төменде ұсынылған халқымыздың ұлттық ыстық ет тағамдары сіздің дастарханыңыздың шырайын одан әрі аша түседі деген сенімдеміз. Салтымызды құрметтеп, қазір де осы тағамдарды ұмытпай, әзірлеп жүрейік.
Біздің халқымыздың құрметті кісілерге ұсынатын кәделі, әрі орны бөлек тағамдарының ең бастысы – қазақша ет немесе бешбармақ. Қазақтар сыйлы қонақтарға мал басын көрсетіп, табақ-табақ ет тартқан. Табақ тарту да үлкен өнер. Әр табақ қонақтың дәрежесі мен жасына, іліктік жолына (нағашы, жиен, құдағи, қыз, бала, т. б. ) сәйкес келуі керек. Осыған орай табақ тарту – бас табақ, сый табақ, күйеу табақ, келін табағы, жастар табағы, жай табақ болып бөлінеді. Аталған табақтарға сай ет (сүйек) мүшелері болады. Ол мүшелерді ауыстыруға болмайды. Бас табаққа бас, жамбас, омыртқа, қазы, қарта, жал, жая сияқты кәделі мүшелер салынады. Іліктік қатынасқа қарай: қарттарға жамбас, орта жастағыларға ортан жілік, омыртқа, күйеу мен қыздарға асықты жілік, төс, тағы сол сияқты рет-ретімен беріледі. Мойын омыртқа, тоқпан жілік, ірі малдың жамбасының шұқыршағы, жауырын, сирақ қонақтарға тартылмайды.
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi