Сочинение на казахском языке на тему " қазақ әдебиетіндегі махаббат рәміздері ". ,завтра сдать надо.

Gaziz05 Gaziz05    3   07.09.2019 16:10    0

Ответы
itrufanova2016 itrufanova2016  06.10.2020 23:17
Қазақ халқының бай ауыз әдеби қорындағы ең мол саланың бірі – лиро эпостық жырлар. Лиро-эпостың негізгі мінездемесі жайында да құнды пікірлер айтылған. Бұл топтағы жырлардың негізгі ерекшелігі – ғашықтықты мадақ еті, халықытың тұрмыс салты, өмірдің реалистік суреттері, жеке қаһармандардың психологиясын ашуға бағытталады.
Р.Бердібаев эпос жайында : «Халқымыздың ғасырлар бойы жаратқан эпикалық мұрасының бір саласы – романдық немесе ғашықтық эпостар. Ғашықтық эпостарда отан қорғау есем, адамның жеке басының мүддесі, махаббат мәселесі қарастырылады және осылар алға қойылады. Романдық эпостарда – адам арасындағы түрлі байланыстың достық, өшпенділік, ата-ана, бала арасындағы түрлі мәселелер қарастырылады. Бұл эпос түрінде драмалық, лирикалық ағым көп орын алады. Романдық эпостарда ауыз әдебиетінің түрлі жанрларының үлгілерін кездестіруге болады. Көптеген жырларда жар-жар, көңіл айту, қоштасу, жоқтау, жұбату, айтыс жанрларын байқауға болады.»
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi