Сочинение на казахском на тему моя любимая птица 10 предложений

коаладоби коаладоби    3   15.09.2019 02:50    2

Ответы
lili2003love12 lili2003love12  07.10.2020 15:57

                                               Менің сүйікті құсым

    Менің сүйікті құсым - қарлығаш. Ол - тұмсығы қысқа, қанаттары жіңішке әрі ұзын, дене бітімі ерекше сымбатты, саусақтары қысқа, әрі әлсіз, қара түсті жылтыр, салмағы өте жеңіл, кішкентай құс.Ол өте жақсы ұшады. Тіршілігінің көп уақытын ауада ұшып жүріп өткізеді. Су үстінен ұшып бара жатып-ақ су іше береді. Ұшып жүріп қорегін ұстап жейді. Дауысы онша қатты емес. Қарлығаш ұясын саз балшықтан жаратас қуыстарына салады.

    Мен қарлығашты киелі, әрі сүйкімді құс деп ойлаймын. Себебі, ел ішінде қарлығаш туралы аңыздар көп. Иә,халқымыздың  қарлығашты "киелі құс" деуі бекер емес.


ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi