Сочинение на казахском на тему мой дом

максим1715 максим1715    2   31.05.2019 12:00    1

Ответы
pavelvladlem pavelvladlem  01.10.2020 15:52
«Өз үйім, өлең төсегім» дегендей, шынымен-ақ өз үйіме ешқандай зәулім де жете алмас. Неге десеңіз, өз шаңырағымның түкпір-түкпір тесігі, әрбір керегесі, әрбір терезесі маған ыстық болып көрінеді. Қанша жерден алыстап кетсем де, мені әрдайым ошағымның жылулығы тартып тұрады. Кейде үйімнің иісін аңсаймын. Сонымен қатар, әкемнің ақыл сөздерін, анамның аялы алақанын, аға-інім мен апа-сіңлілеріммен сол кішкене үйде ойнап-күлгенімді армансыз еске аламын. Тіпті, алысқа бармай-ақ көршімнің үйіне қонаққа барсам да жатырқап, өзімді ыңғайсыз сезінемін. Ал үйге келсем, бойымды еркін ұстап, сондай шалқып қаламын. Міне, осыдан кейін мен өз үйімнің қаншалықты жылы екеніне көзім жетті.
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi