Әркімнің туған жері –Мысыр шаһары деп,бекер айтылмаса керек.Қасиетті де киелі, қазыналы өлке, ару қалам Атырау – менің ата-бабамның мекені.Атырау қаласы – облыс орталығы. Тарихы сырға толы қалам Каспий теңізінің жағасынан қырық километр жерде Жайық өзенінің тармақтала біткен атырауын алып жатыр.Әр адамға өзінің кіндік қаны тамған жері ыстық.Мен үшін кіндік қаным тамған жерім - Атырауым ыстық. Мен оны еш жерге теңемеймін. Атырауым мақтасам, мақтауыма тұратын қала.Сүйікті Атырауым!