СОЧ по Каз яз быстро Мәтінді оқыңыз. Мәтіннен 1 негізгі және 3 қосымша ақпаратты тауып жазыңыз.
Еліміздегі электр қолданысына сараптама жасаған білгір мамандар кейінгі жылдары электр қуаты бейберекет жұмсалып жатқанын айтуда. Кейбір дерек көздерінің айтуынша, электр қуатын ысырап етуде Қазақстан алдыңғы қатарда екен. Мәселен, елімізде ішкі жалпы өнімнің 1 долларын өндіруге 2,8 кВт/сағ. шығындалса, Жапонияда - 0,22, Ұлыбританияда – 0,23, Германияда - 0,27, АҚШ-та - 0,30, Түркияда - 0,56, Қытайда 1,22 кВт/сағ. кетеді. Яғни дамыған елдердің көрсеткіші бізден бірнеше есе төмен. Тағы бір мәліметке көз жүгіртсек, 2010 жылы Қазақстанда 68,13 млрд. кВт/сағ. электр қуаты тұтынылса, 2011 жылы 71,7 млрд. кВт/сағ тұтынылыпты. Осы қарқынмен жалғаса беретін болса, 2020 жылы ел бойынша 117 млрд. кВт/сағ. электр қуаты қажет болмақ. Ал еліміздегі қазіргі электр станцияларының осынша қажеттілікті өтеуге қабілеті жетпейді екен. Сондықтан да, ел Үкіметі жаңа электр станцияларын салып, қуат көзін үнемдеуге барынша мән бере бастады. Десек те, жаңа электр станциясын салуға қыруар қаражат қажеттігі анық. Сол себепті бүгінде электр қуатын үнемдеу - елімізде өткір тұрған мәселелердің бірі.