Соч 8 класс
1.Тірек сөздер арқылы көтерілген мәселені болжаңыз. [1]
Мәтінді мұқият оқыңыз.
Жаһандану дәуірінде ақпараттық технологиялар қарыштап дамуда. Мысалы, Павлодар қаласында соңғы үлгідегі заманауи роботтар көрмесі пайда болды. Роботтар қалалық көркемөнер мұражайына жайғастырылған. Топтамадағы 20-ға жуық робот жапон және америкалық өнертапқыштардың жұмысы. Олардың арасында құрып кеткен динозаврлар да жүр.
Роботтар Жапон және Америка Құрама Штаттарынан әкелінген. Экспонаттардың әрқайсысы өзіндік іс–әрекетімен, қимылымен ерекше. Көрмеде жиырма роботтың бірі қызықтауға қойылса, кейбірін тұрмысқа пайдалануға болады. Робот күзетші өз бағдарламасы бойынша бүкіл маңайын қырағы бақылап, әр қимылды бейнекамераға түсіріп жібереді. Экспонаттардың ішінде екі динозаврды ерекше атап өтуге болады.Олар маңайдың бәрін толықтай көреді, адамның дауысын естиді, сипағанның бәрін сезеді екен. Оларды жапырақтармен тамақтандыруға да болады. Өте ақылды техника. Олардың іс-әрекеттері тек осымен ғана шектелмейді, кез-келген басқа қимылдарды үйретіп қоюға болады. Көрме елімізде екінші рет ұйымдастырылуда. Бұған дейін Алматыда өткен. Шараны ұйымдастырушылар робот көрмесін еліміздің барлық облыстарында көрсетпек.
​Василий Маркин, экскурсия менеджері: - Біз әлемде осындай қызық дүниелер бар екенін көрсеткіміз келеді. Мұны көргендердің дүниетанымы өседі. Қызыққа деген құмарлықтары артады,-деп есептейді.
​Қазірдің өзінде Қытай, Жапон және басқа да бірнеше мемлекетте роботтар үй қызметі мен өндірісте кең қолданылады.(170 сөз)

https://baq.kz/news/17617
2. Тыңдалым (6)
Қай мемлекетте роботтар үй қызметі мен өндірісте кең қолданылады? [1]
А. Қытай, Жапон
Б. Қостанай, Алматы
С. Америка, Бразилия
Д. Аргентина, Франция
3.Қандай роботтар күзетші қызметін атқарады? [1]
А. Динозавр
Б. Дельфин
С. Доңыз
Д. Дәуіт

4.Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып, толықтырыңыз. [1]
Экспонаттардың әрқайсысы өзіндік ерекше.

5.Тыңдалым мәтіні бойынша сұраққа жауап беріңіз. [1]
Роботтар көрмесін ұйымдастырудың мақсаты неде деп ойлайсыз?


6.Асты сызылған сөзді негізге ала отырып, сөйлемді қайта жазыңыз. [1]
Қазіргі таңда баламалы энергетика қарқынды дамуда.
7. Cұраққа өз ойыңызды білдіріп, жауап беріңіз. [1]
Күн энергетикасының басқа энергия көздерінен артықшылығы неде деп ойлайсыз?



8.Жазылым
Болжалдық және бөлшектік сан есімдерді қолданып, мақала жазыңыз. Мәтіннің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтаңыз. (50 сөз аясында) [8]
Қызметтің түрлі салаларын дамыту үшін қазақстандық өнертапқыштарының қосып жатқан үлесі жайында «Қазақстандық өнертапқыштар» тақырыбында мақала жазыңыз.

dim10102806 dim10102806    1   02.11.2020 10:39    5

Ответы
Zaika14102001 Zaika14102001  02.12.2020 10:41

1)Қытай , Жапон

2)Динозавр

3)Іс әрекетімен,қимылымен ерекше

4)Мен олар адамдарға көмектесу үшін мақсатпен жасалды деп ойлаймын

Я знаю только это потому что я в 7 классе

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi