СЛОВА ВЫДЕЛЕНЫМ ЖИРНЫМ ШРИФТОМ ВЫПИСАТЬ ЗАДАТЬ ВОПРОС И ПЕРЕВОД Тоқта, ботам! Атаң келеді артыңда! Бұр мойныңды қалжыраған қарт ұлға. Сенің сәби сәттеріңнің мысқалын Айырбастап ала алмай жүр алтынға, Тоқта, ботам! Атаң келеді артыңда! Жүзе жүріп, жүз құбылған сағымда, Жастық дейтін көктеменің шағында, Өскен едік сенің анаң екеуміз Осы қарттың мәпелеген бағында. Қарттың бағын жайлайтынбыз иен тегін, Тыңдайтынбыз алуан-алуан ертегін. Жинап алып жүрер еді жарықтық, Күллі ауылдың елтеңі мен селтеңін. Ей, болашақ! | Қарт келеді зиялы, Кейімесін ата қыран ұялы. Сен сыйласаң сәби шақтың бір сәтін, Атаң саған ұзақ өмірін қияды. Ақылына айырбаста күлкіңді, Қайтесің сол күлкі дейтін шіркінді?! Бейқам күліп өспеген соң өз басым, Бос күлкіні ұнатпаймын бір түрлі... Тоқта, ботам! Атаң келеді артыңда. Дария-шалқар даналығын ал, тыңда! Сенің сәби сәттеріңнің мысқалын Айырбастап таба алмай жүр алтынға. Тоқта, ботам! Атаң келеді артыңда! (М. Мақатаев)


СЛОВА ВЫДЕЛЕНЫМ ЖИРНЫМ ШРИФТОМ ВЫПИСАТЬ ЗАДАТЬ ВОПРОС И ПЕРЕВОД Тоқта, ботам! Атаң келеді артыңда! Б

milka1951 milka1951    3   13.09.2021 20:18    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi