Серік Керімбекұлы Қонақбаев (25 қазан 1959 жыл, Павлодар) – боксшы, Мәскеу олимпиадасының күміс жүлдегері (1980), КСРО еңбек сіңірген спорт шебері (1981), Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (1982), екі дүркін Еуропа чемпионатының жеңімпазы (1979, 1981), Кеңес Одағының 2 дүркін чемпионы. Халықаралық әуесқой бокс ассоциациясы (AIBA) атқарушы комиететінің мүшесі (2010-2014)[1],Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің II және IV шақырылымдарының депутаты (1999 - 2011), Қазақстан бокс федерациясының төрешілер корпусымен жұмыс жөніндегі вице-президенті[2] Бокспен 14 жасынан бастап айналысқан. КСРО халықтары спартакиадасының және КСРОчемпионатының күміс жүлдегері (Мәскеу, 1979), екі мәрте Еуропачемпионы (ГФР, Кельн, 1979,Финляндия, Тампере, 1981), Әлем кубогінің иегері (АҚШ, Нью-Йорк, 1979), Мәскеуде өткен 22-Олимпиялық ойындардың күмісжүлдегері (1980), Әлем кубогінің иегері (Канада, Монреаль, 1981), Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (ГФР, Мюнхен, 1982), КСРОчемпионы (1980, 1984). 1981-87 жылдары бапкерлік жұмыстар атқарды, коммерциялық “Қазақстан” спорт клубының (1990), ҚР кәсіпқойбокс федерациясының (1992-94), ҚР Президенті жанындағы ұлттық спорт қорының президенті (1994-96) болды. 1999 жылдан ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты. Мемлекеттік “Дарын” жастар сыйлығының иегері (1993).