Синквейн әдісі бойынша «қасқыр», «аңшы» сөздеріне өлең жазу.

inferatu777 inferatu777    3   02.02.2021 12:43    2

Ответы
Error69 Error69  02.02.2021 12:50

Қарғысы ма қозы-лақтың ондаған,

Қапылыста қолға түсті оңбаған.

Құлыптаулы темір тордан — қапастан

Қайтып шығу бола қоймас енді оған!

Аузына алмас арыстаның қалдығын

Көкжал еді,

Уақыт одан алды құн.

Тор болмаса,

Селебе тіс — азу тіс

Кім-кімнің де шығарар-ды дал-дұлын!

Ғәріп болып көрінгенмен бүгінде

Қанша күш бар күдірейген түгінде!

Жалт-жұлт етіп

Бір тұтанып,

Бір өшіп,

Кек ұшқыны жатыр көздің түбінде.

Болмағасын өмірдегі дегені,

Бүйрегінен шаншиды ыза тебені.

Сөйте тұра,

Темір тордан көргенде,

Бәрін ұмытып,

Аяп кеттім мен оны.

О, жаратқан!

Желіктірсең желіктір!

Қасқырлармен тек осылай жолықтыр

Кіріптар деп аяғанмен мен оны,

Оның мені жеп қойғысы келіп тұр!

Аңшы тұтудың қанша амалын білсе,

Аю құтылудың сонша айласын жасайды.Оғы шалыс ұшпайтын аңшы болмас,

Жаңылыспайтын емші болмас.

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi