Шығарманың тақырыбы мен идеясын жазыңыз 1- тапсырма. «Тыңдалым»
Бұл - менің тебіндегі жылқыны бірінші көруім. Жылқы деген
жануар - мал атаулының ішіндегі ең қайраттысы. Өте бір түтеген боран соғып кетпесе, ызғарлы суықтарда желге маңдайын бере қарсы қарап, қар тебеді.
Жылқыларда аналық мейірім барын сол кезде байқайсың. Соңынан құлыны,
тайы ерген мама биелер қар тепкенде, әуелі өзі оттамай, балаларына шөп ашып береді. Олар біраз қаужалап алғаннан кейін ғана өзі аттауға кіріседі. Мың жарымға жақын жылқының тұяғы жер шыдатама, қос тіккен төңіректің оты әп-сәтте бітеді.
Сол кезде «тебін аудару» деген басталады, ол- жылқыны тың жерге көшіру
деген сөз. Жылқының тыңға көшуі оңайлыққа түспейді. Бет алған жақта ойпаң кездесіп, қар қалыңдап кетсе, жылқы беттемей тұрып алады. Ондай кезде қалың жылқыны бастай жөнелетін көсемдері болады.
Бұлайша бастауға аса бір қарулы айғырлар мен биелер ғана түседі. Көсемсіген бір жылқы қалыңға түсе жөнелгенде, оның артынан тізбектелген жылқылар шұбыра бастайды. Тебін осылаударылады…

Gamaun Gamaun    3   02.12.2020 08:06    12

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi