Шығарманы ұлттық мүдде тұрғысынан ашуға тырысыңыз. Шәкәрімнің Абайдан үлгі алуға шақыруының мәні неде? Шәкәрім жастарға қандай міндет жүктейді? Ақынды не мазалайды? Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық,
Арам, айла, зорлықсыз мал табалық.
Өшпес өмір, таусылмас мал берерлік
Бір білімді данышпан жан табалық.
Бұл Абай саудагер ғой ақыл сатқан,
Әртүрлі асылы көп өтпей жатқан.
Тегін білсең –аласың, бос береді,
Тұстасынан ешкім жоқ мұны тапқан.
Құрбыласы қулық пен айла баққан,
Олардан алдамшы деп көңлі қайтқан.
Енді бізге ақылын көрсетіп тұр,
Алушы жоқ па екен деп жастар жақтан.
Ар қайда? Рахым қайда? Әдеп қайда?
Быт-шыт боп неге жүрміз әрбір сайда?
Көз жұмып, «Көппен көрген ұлы той» деп,–
Береді бұл надандық кімге пайда?
Білімдіге білімсіз бағынбай ма?
Іздесе, пендеге жол табылмай ма?
Ақты қойып, арамды әдет етсек,
Денеміз дозаққа өзі жағылмай ма