Шығармалардағы көркемдегіш құралдардың (теңеу, эпитет, метафора, ассонанс, аллитерация, риторикалық сұрақ) қолданысын талдаңыз. «Сүйінбай мен Қатағанның айтысы»
Алатаудан төтелеп,
Тау ешкідей тік басып,
Саяғыма шығайын.
Тынай менен Саяқтың,
Артық қылып нәсілін,
Жаратқан жоқ па, Құдайым,
Саяғым аман тұрғанда,
Сүйінбайдың үстінен,
Қалар ма екен таяғым!
Бұрынғы мен соңғыда,
Оңалып еді баяғым.
Орманхандай бегімнің,
Құшақтап сүйген аяғын.
Сүйінбай ақын байқадым,
Қағылып қалды сайтаның.
Кезегіңді алып сөйлеші,
Сыртыңнан байқап қарайын?!