. Шығармадан берілген үзіңдіні түсініп оқып, автордың қолданған көркемдегіш құралдарының орны мен қызметін талдау. ЖЖ. ...Тамылжыған жаздың соңғы күндерінің бірінде Шідерті өзенінің жағасында, жайлауда отырған Сәтбай ауылынан пар ат жеккен, соңында бір топ салт атты ілескен жеңіл арба Ертісті бетке ұстап жолға шықты. Делбеде Бапай палуан, жолаушысы – әкелі-балалы Сәтбаевтар. Бөкеш, Нұр лан бас таған саяқ жігіттер бұларды күншілік жерге ұзатып салып, ұзақ қоштасып, Қанышты қай та-қайта бетінен сүйіп кейін қайтты. Қос ат сар желіске түсті. Қалаға асыққан балаға солар аяңдап келе жатқан сияқты: алып ұшқан көңілі елегізіп, алабұртқан жүрегі де өзгеше дүрсілдеп дегбірсізденіп келеді; «Қашан, қашан жетеміз? Неғылған ұзақ жол?!.» деп қобалжығандай. Қобалжыған сайын делебесі қозып, сағым ойнаған ұшы-қиырсыз иен жазыққа жабырқай қарайды. Амал не, асыға күткен қала жуық маңда жеткізер емес...
Үшінші күннің кешінде жолаушылар қала оттарын көреді.