Шығармада көтерілген мәселенің әлеуметтік рөлін анықтап тұрған
эпизодты анықта.
Сағаттың тіліндей айналған күн өте
берді. Мұқанның қарағайды қамыстай
қаусатып, қолымен тартып құлатқаны,
талай ауыр жүкті жалғыз тиегені аңыз
болып айтылып жүрді.
Мұқан Масликовтың үйіне келген күні
жалпы кіреші жалшылар жататын
жатақханаға орналасты. Сабан төселіп,
пеш қойған сарайдың бір бұрышы тиді.
Сонда түнеп шықты.
Бірақ онымен палуанның жұмысы
болмады. Түйеден түсе қалып, оның
алдыңғы екі аяғын балтырымен қағып
жіберіп:
- Шек, – деді. Иығынан қапсыра ұстап,
тұқырта басқан құдіретті қол атанды
«мыңқ» дегiзiп, шегеріп тастады.