Шығармада қай заманның шындығы жырланған? • Халық басына түскен ауыртпалықтың себеп-салдарын қалай бейнелеген?
• «Үш қиян» толғауында қай өңірдің жер-су аттары аталады? Жыр бойынша Үш
қиян өңірінің картасын құрастырыңдар.
Толғауда жеті жұрт сөзі қандай мағынада қолданылған?
Шығарманы оқып болған соң қандай сұрақтар туындады?
Ақын өлеңі арқылы халықты неден сақтандырады?
Толғаудың толық нұсқасын хрестоматиядан оқып шығып, шығармадағы ояз,
болыс, ауылнай бейнелерін сипаттаңдар және мінездеме беріңдер.
• Іргесі шайқалған дәстүр, адамзат ниетінің бұзылуы, атақоныс, шұрайлы
жерлерден айырылу – бұның бәрі отарлаудың зардабы. Олардың қазақтың шұрайлы
керлеріне, құнарлы мекендеріне көз тігуінің себебі неде?