Шығарма үзінділеріндегі көріністерді талдаңыз. Заманауи тұрғыда салыстыру жасаңыз. 1-үзінді. Біздің апаларымыз алма, алқоры алғаннан гөрі, сол құрғыр айна, тарақ, ине-жіп алғанды пайда көреді. Тек әкем Момыш қана бала құмарлығын түсінетін еді. Әке-шешесі ақша бермей, бұртиып тұрған балалардың бәрін қазқатар тізіп қояды да бақалшыға: - Әй, сарт, өрігіңнен бір қадақ, мейізіңнен бір қадақ, мәмпәсиіңнен бір қадақ торт, - дейді. Соның бәрін тепе-тең бәрімізге бөліп береді. 2-үзінді. Менің кәрі апам Қызтумас маған ертекті көп айтатын, әлди әнді көп айтатын. Арада неше заман өтті! Қызтумас апамның сүйегі әлдеқашан қурап кетті, ал әлди ән айтқан үні әлі құлағымда.