Шығарма неліктен “Ұшқан ұя” деп аталған, эссе керек тез бериндерши отинем

Света20177 Света20177    3   02.02.2021 13:44    1

Ответы
масяня155 масяня155  02.02.2021 13:50

Бауыржан Момышұлының "Ұшқан ұя" повесі(1974) — халқымыздың XX ғасырдың басындағы этнографиялық энциклопедиясы іспетті аса құнды, қазақ руханиятының қазынасы. Салт-сана, дәстүр, ұлттық келбеті өте шынайы суреттеледі. Бауыржан Момышұлы Мемлекеттік сыйлыққа (1976) ие болған «Ұшқан ұя» кітабында он алтыншы жылдың дүрбелеңі мен күштеп ұжымдастыру кезіндегі тартыстар батыл айтылған. «Ұшқан ұяда» әлем тарихы,жаратылыс шежіресі, жан-жануарлар болмысы,қауымының қалыптасуы, әлемнің пайда болуы, тірлік, өмір туралы алғашқы мағлұматтарды,азаматтық тұрғыдағы аңыз-әңгімелерді әжесінен естігенін үлкен сүйіспеншілік сезімен есіне алған,сондай-ақ ненің жақсы, ненің жаман екенін, нені сүйіп, неден аулақ жүруді әжесінен үйренгенін мақтан етеді. Әкесі Момыш өз бетімен сауат ашқан, сол кездегі көзі қарақты адамдардың бірі болған. Ел арасында ағаш ұстасы және етікші, зергерлігімен танымал болатын. Бауыржан 3 жасқа келген соң анасы Рәзия қайтыс болады да, әжесі Қызтумастың қолында өседі. 1917-1918 жылдар – төңкеріс жылдары, "жылан жылы","ашаршылық жылы", "патша құлады", жаңа заман, жаңа заң жайлы айтыла бастады.Жаңаша жер бөліс орнады.Қалың мал жойылды, "әйел теңдігі" туралы айтыла бастады.Кеңес өкіметі қалыптасуының алғашқы жылдары суреттелді.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi