шығарма мәтінін толық оқындар. Мәтіндегі көп нүктенің орнында тұруға тиісты сөздерді анықтандар. Шығарманың фабул ы: екі бай: Әлемдi 80 күнде шарлап шығуға
бола ма? - деп үлкен даға бәстеседі. Біреуі әлемді шарлап ке-
леді. Бәс шешіледі. Бар болғаны – осы. Бірақ әлемді шарлау тура-
лы әңгіме несімен қызық? Оны сол шығарманы оқыған адам ғана
сезінеді.
Шығармадағы «Филеас Фогт – Лондондағы ауқатты
адамдардың бірі еді. Ол — қаладағы «Реформ-клубтың» мүшесі.
Фогт – өз ортасында сыйлы адам. Ол – кез келген істі уақытында
бітіргенді ұнататын, тиянақты, ұқыпты, уәдесінде тұратын, сенімді
адам. Бірде Филеас Фогт Паспарту деген жігітті жұмысқа алады.
Бірде Фогг пен Паспарту «Реформ-клубқа» келеді. «Реформ-
клуб» – ағылшын буржуазиялық қоғамындағы өнегелі, көргенді,
тәрбиелі адамдар бас қосатын клуб. Олар клубқа келгенде, дәулетті
мырзалар «Әлемді 80 күнде шарлап шығуға бола ма?» деп, дау-
ласып жатыр екен. Клуб мүшесі — Стюарт мырза оның мүмкін еместігін айтып
өзеурейді. Ал Фогт мырза 80 күнде әлемді шарлап шығу әбден мүмкін екенін
айтады. Сөйтіп, Стюарт пен Фогт миллион фунт стерлингке бәстеседі.
Бұл — 2 қазан, сәрсенбі күні болатын. Фогт желтоқсан, сенбі күні
таңертеңгі 8:45-ке дейін сапардан оралуы керек. Сөйтіп, Фогт өзінің
қызметшісі — Паспартуды ертіп, әлемді шарлауға аттанады.
Фогт пен Паспарту Лондоннан Парижге барады. Одан әрі қарай бүкіл
Жер шарын аралап шығады. Жолда әртүрлі шытырман оқиғаларды бастан
өткереді. Қандай сынақ болса да, Фогт мырза бәрін шешіп отырады. Жол-
жөнекей олардың соңына ізкесуші түседі. Ізнесуші оларға көп кедергі
келтіреді. Тіпті ... рет тұтқынға да алады. Бірақ қанша қиындық көрсе де, са-
яхатшылар мойымайды. Керісінше, қиналған адамдарға көмектесіп жүреді.
Саяхатшылар 21 желтоқсан күні Лондонға оралуы керек болатын. Бірақ Фогт
мырза мен Паспарту күннен жаңылысады. ... күні сағат 8:50-де жетеді. Сөйтіп,
Фогг мырза бәсте . Ол өзі құтқарған деген жесір үнді әйелге үйленеді.
Фогт пен Паспартудың жолсапары: Лондон — Париж — Суец — Монғолия
— Бомбей — Гонконг — Иокогама — Сан-Франциско — Нью-Йорк — Ливер-
пуль- Лондон бағытында болады.​

kazanetov kazanetov    2   19.01.2021 10:39    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi