)шығарма әдебиеттен айтыс- қазақ халқының қасиетті өнері 2 стр ))

NiKoOl18 NiKoOl18    3   25.05.2019 18:30    4

Ответы
ilya201296 ilya201296  22.06.2020 00:49
Кіріспе
Жұмыс тақырыбының өзектілігі ертеде жазу өнері болмағандықтан қазақ халқының әдебиетінің негізгі бір саласы ретінде айтыс өнері туды. Айтыс – қазақтың халық ауыз әдебиетінің әлеуметтік жүгі мол, кең өрісті үлкен бір саласы. Ол суырып салып айтатын тапқырлық, өткірлік мазмұныменде дараланады. Осындай әлеуметтік мәні зор бір алуан айтыстарды сол екздегі ел өмірінің көркем шежіресі деугеде болар еді.
«Айтыс» - қазақтың байырғы төл сөзі, ежелден айтысу, сөз жарысы, өнер бәсекесі ұғымында қолданып келген. Бізде екі адамның бетпе – бет келіп өнер жарыстырып бәсекеге түсуі сөз арқылы да, белгілі бір аспапта кезектесіп күй тартысу менде, қолма - қол шығарып айтылатын өлеңмен болуыда мүмкін. Мұның бәрі «қиыннан қиыстыратын» кәнігі шеберлік, алғырлық пен тапқырлықты керек етеді. Ерте заманнан ақ «өнер алды қызыл тіл» деп сөз қадірін қадір тұтып қазақ халқы жалпы әдеби мұраға, оның ішінде айшықты сөз өрнегі ақындар айтысына ерекше мән беріп, соны өзінін рухани өмірінін жарқын көрінісі ретінде ұрпақтан – ұрпаққа жалғастырып отырған. Ақындар айтысының бәрі дерлік жұрт бас қосқан ойын – сауық, үлкен жиын, ас – тойларда өтетін болған. Шаршы топта бәсеке сайысына түскен екі ақынның сөзін сарапқа салып, әділ төрелік айтушы да көпшілік, сөз мәнісін білетін көшелі би, абыройлы ақсақалдар. Сол себепті екі жақ тапқырлық пен тауып айтқан уәжді де аталы сөзін мойындамауға немесе билікті көрер көзге бұрып айтуға ешбір қақы жоқ. Екі жақта «сөз тапқанға қолқа жоқ», «аталы сөзге арсыз жауап қайтарады» деген ұлағатты птинципті ұстанады.
Айтыс – көшпелі өмір кешкен елдердің бәріне тән өнер, бірақ ол бірінде аз, енді бірінде мейлінше ол дамыған. Бұл кездегі жазу – сызудың жоқтығынан, ауызекі дәстүрінің мейлінше кең етек алуыннан туған қажеттілік еді. Айталық, өмір салты мен әдет – ғұрып, салт – санасы бізбен егіз кешегі көшпелі қырғыз, қарақалпақ алтай елдерінде де айтыс өнері болған, алайда бұл жаныр оларда дәл біздегідей жетіліп, кемелдене қоймаған.
«Айтыс жанрының XVIII ғасырда даму қалыптасу ерекшелгі деген тақырыпта таңдау себебім күні бүгінге дейінтөл әдибетіміздің төрінен орын алып келе жатқан ұлы өнерге деген басты қызығушылығым себеп болды. Бұл тақырыпқа қалам тартып өз көзқарасын айтып өтпеген жазушы немесе ақын кемде – кемшығар. Өз жұмысымды жазу барысымда Х. Сүйіншәлиев, С. Мұқанов, М. Әуезов, Е. Ысмайылов, Жармұқанмедов, М. Ғабдуллин, А. Байтұрсынов,М. Мағауин,Р. Бердібаев, Қ. Жұмалиев, Ғ.Мүсірепов, сынды т.б. көптеген ғалымдардың еңбектері мен танысып шықтым. 
Жұмыстың мақсаты айтыс жанрының XVIII ғасырдағы дамуы қалыптасуы кейінгі дәуірдегі айтыстың кемелдене түсуіндегі алатын орны оның түрлеріне тоқталу. Жұмыстың басты міндеті айтыстың ешқашанда ұлт тарихынан өшпейтін өміршең өмір екендігін таныту. Бұл тақырыпты зерттей келе айтыс өнерінің сонау ерте заманнан бері етек алып келе жатқанына көзім жетті. Көне ислам дәуірі әдебиетінің кезінде –ақ ақындық өнер біртіндеп дамып қалыптаса бастаған. Сөзімді дәлелді болуы үшін сол кездегі өмір сүрген Әбу Насыр Әл –Фараби, Махмуд Қашқари, Жүсіп Баласағұн, Сүлеймен Бақырғани сияқты аты әлемге мәшһүр ойшылдардың шығармаларымен қалыптасып өзіндік даму жолына түсті. Әл - Фараби өзінің өлең кітабында
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi