Шуге жарамды таза су жер бетінде барған сайын азайып бара жатыр деген тұжырыммен келісесіңбе? келісу/келіспеу эссесін жаз.​

KristinaLando KristinaLando    2   16.01.2020 20:36    18

Ответы
neznakomka1408 neznakomka1408  11.10.2020 01:15

Ішуге жарамды таза су жер бетінде барған сайын азайып бара жатыр деген тұжырыммен келісесің бе?

Бұл тұжырыммен келісемін. Иә, су – бар тіршіліктің көзі, табиғаттың айырып ала алмас бөлігі. Сусыз өмір өлді, солды деген сөз.

Расында, ішуге жарамды су қоры азаюда. Себебі Жер бетіндегі халық саны күн санап артуда. Әрине, су – табиғатта жүретін айналымның нәтижесі. Бірақ адамдардың оны шаруашылықта, өндірісте, тұрмыста есепсіз қолдануы, ауа райының құрғауы су қорының азаюына әкелді. Оған тіпті дәлел де жоқ емес.

Сахараның төменгі бөлігіндегі Африкада 340 миллионға жуық адам ауыз суға зәру. Жарты миллиард африкалықтар тұратын елді мекендерде кәрізді тазарту қондырғылары жоқ. Дамушы елдердегі аурулардың 80% -ы дерлік сапасыз суды пайдалану салдарынан болады. Олар жылына 3ш миллион адамның өмірін қияды. Күн сайын «жуылмаған қолдардың ауруларынан» бес мың бала қайтыс болады: әр 17 секундта бір бала! Суды тазарту, гигиена және суды тиімді басқару арқылы әлемдегі аурулардың 10% -ын болдырмауға болар еді.

Егер қол қусырып отыра берсек 2030 жылға қарай бес миллиардқа жуық адам, яғни әлем халқының 67% -ы ауыз сусыз қалады. Сондықтан өзімізден бастап үнемдейік, қоқсытпайық, тиімді қолданайық.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi