Шортанбай Қанайұлы «Зар заман» толғауы. 1-сабақ Сөйлемдегі бос орынға ұсынылған нұсқалардың тиістісін таңдап қой.

Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» толғауы

«Зар заман» – қазақ әдебиетіндегі кезең атауы. Аталған кезең Ресей империясының отарлау саясаты салдарынан Қазақ хандығындағы бұрынғы ел басқару жүйесінің жойылып, халықтың саяси, экономикалық және рухани езгіге ұшыраған тарихи уақытты сипаттайды. Алғаш Шортанбай Қанайұлы осы кезеңнің ауыртпалықтары туралы «Зар заман» атты зарлы толғау шығарып, ол ел ішінде кең таралды. Бұдан кейін басқа да ақындар осы тақырыпқа көптеген өлең-жырлар шығарды. Оларды қазақ әдебиетінде «Зар заман» ақындары деп атайды.

Қазақ әдебиеті тарихындағы ірі тұлғалардың бірі – Шортанбай Қанайұлы. Ол 1818 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан ауданында дүниеге келген. Ақын 63 жасында қазіргі Қарағанды облысының Шет ауданында қайтыс болған.

Шортанбай Қанайұлының шығармасын алғаш зерттеген – орыс зерттеушісі В.Радлов. В.Радлов «Зар заман» толғауы арқылы бір дәуірге ат берген шығарманың астарынан көп нәрсені аңғарамыз» деп, отаршылдықтың қазақ ұлтына әкелген зияны туралы да айтады.

Толғау – көшпелі өмір кешкен

өмірлік түйгендерін төгілте айтуға ең ыңғайлы жанрдың бірі.



2005282 2005282    2   17.11.2020 10:55    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi