Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайы - Алматы қаласында Абай мен Байтұрсынов даңғылдары қиылысында орналасқан кешен. 1967 жылдары салынып 2011 жылғы Қысқы Азия ойындары қарсаңында қайта жөндеуден өтті. Қайта құрудан кейін Сарайдың сыйымдылығы 5000 орынды құрады, бұрын — 3800 орын. Қосымша 1000 орын орнатылды. Барлық инженерлік-техникалық коммуникацияларды ауыстырылды, шешінетін жер, медико-қалыптастыратын кешендер, демалыс бөлмелері, ба з орталығы, комментаторлық кабинкалар орналасатын қосалқы орындардың аумағы ұлғайды. Ең соңғы модификациядағы электрондық табло орнатылды. Сондай-ақ 850 машинаға парковка ұйымдастыру жоспарланған.[1]Аталмыш сарайдың жаңа келбеті Philips Қазақстан және SkyMax Technologies компанияларының бірлескен жобасы бойынша жүзеге асырылып, Азиаданың негізгі нысаны ретінде Спорт сарайы халықаралық стандарттарға сәйкес толығымен қайта жаңғыртылған болатын. Бірінші кезектегі 14,5 миллиард теңге игеріліп, іс жүзінде жұмыс жеріне жеткізілді. Кешеннің екінші кезегі – жабық жаттығу мұз айдыны мен 650 мәшинеге лайықталған 7 қабатты паркингтің құрылысы аяқталу үстінде. Жұмысты “Алматы” құрылыс-монтаж кәсіпорны атқаруда.