Шоқанның әңгімесі бойынша күнделік жазыңдар. Тыныс белгілерін дұрыс қолданыңдар. Мен өзімнің Алатау қырғыздары ордасына саяхат жасап барып қайтқан сапарымның нәтижелерін ғана баяндап бергім келеді. Басып өткен жерлерінің ыңғайына қарай менің саяхатымды екі кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезеңге менің Жоңғарияға барған сапарым, яғни Жетісу, Іле өлкелерін аралап, Ыстықкөлде болуым жатады. Бұл жерлердің табиғи сипаты Сібір штабының түсірген тәп-тәуір суреттері арқылы бұдан бұрын да таныстын. Ғылыми тұрғыдан бұны Шренк, Влангали, Семенов және Голубев мырзалар әжептәуір зерттегенді. Әйткенмен бұл ақпарат хабарлар физикалық жағрапия деректерімен ғана шектеліп, этнографияға мүлдем соққан жоқ. Мен Жоңғарияда алғаш рет 1856 жылы болып, полковник Коментовскийдің Ыстықкөл бағытындағы бірінші экспедициясына қатысқанмын. Сонан соң үш ай Құлжада тұрдым. Жоңғарияда мен ұзын саны бес ай болып, бұл өлкені ерсілі-қарсылы шарлап, Алакөлден Тянь-Шаньға дейін бардым. Ал Тянь-Шаньға сол жылы Шырғалаң өзенін бойлай отырып көтерілдім...