Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов- қазақтың ұлы ғалымы, XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы. Шоқан 1835 жылы Қостанай облысы, Сарыкөл ауданы, Құсмұрын жерінде дүниеге келіп, 10 сәуір 1865 жылы Жетісу жерінде қайтыс болған. Шоқанның шын есімі Мұхаммед Қанафия, әжесі бала күнінде «Шоқаным» деп еркелетіп айтуымен «Шоқан» аталып кеткен.
Шоқанның әкесі Шыңғыс Уәлиханұлы сол кезде аға сұлтан болған. Шоқанның өз атасы Уәли Орта жүздің ханы болған. Арғы атасы Қазақ Ордасының Ұлы ханы Абылай, Шоқан оның шөбересі.
«Жеті жұрттың тілін білуге тиісті» хан тұқымы болғандықтан, ортағасырлық қыпшақ-шағатай тілін меңгереді, парсыша, арабша тіл үйренеді.. Шоқанның жақын туыстарының естеліктеріне қарағанда, ол бала кезінен білімге бейім әрі құмар болған. Шоқан тарихи аңыз-әңгімелерге ерте бастан-ақ қызыққан. Ол жастайынан данагөй билердің әңгімелерін, акындардың өлең- жырларын зор ықыласпен тыңдап өсті. Оған тәрбие беруде сұлтан әулетінен шыққан әжесі Айғанымның ықпалы күшті болды.
1847 жылы 12 жасар Шоқанды әкесі сол кездегі ең таңдаулы оқу орны болып есептелген Сібір кадеті корпусына оқуға орналастырады. . Мұнда жабық әскери оқу орны болғанымен, көптеген пәндер әскери сабақтарға қоса орыс, батыс әдебиеті, географиясы мен тарихы, философия, физика, математика негіздері, шетел тілдері оқытылып, орыстың озық ойлы интеллигенттерінің өкілдері сабақ берген.
1. Мәтінді түсініп оқып, мәтінге тақырып қойыңыз ответе
а есть фото задание
Объяснение:
а то мне так не понятно