Шоқан (Мұхаммед-Ханафия) Шыңғысұлы Уәлиханов 1835 жылдың қараша айында қазіргі Қостанай облысы, Құсмұрын бекінісінде дүниеге келіп, 1865 жылдың сәуір айында дүниеден өтті.

Мұхаммед – Ханафия – кей ресми құжаттарда ғана жазылатыны болмаса, ол бүкіл ғұмыр кешкен ортасына, заманына Шоқан есімімен танылды.Анасы Зейнептің аңыз- әңгімелерін қызыға тындап өскен.

Арғы атасы – Абылай хан.

Жастайынан халықтық тарихи өлең-жырларды, аңыз-әңгімелерді қызыға тыңдайды.

1847 жылы Омбыдағы кадет корпусына қабылданды. Екі-үш жылдан соң Шоқан өз класындағылардан ғана емес, өзінен екі жас үлкендердің де идея жағынан басып озды» деп жазды естелігінде бірге оқыған досы Г.Н.Потанин.

Құсмұрындағы ауыл мектебінде оқып, хан тұқымының дәстүрі бойынша араб, шағатай тілдерін жақсы меңгереді.

1855 жылы Шоқан Орталық Қазақстанды, Жетісу мен Тарбағатайды аралайды.Оның белгілі саяхаты Қашғария. Шоқан «Манас» жырын зерттеген. Қазақ халқының тарихы мен әдет-ғұрпы, діни ұғымдары жайында материал жинап қайтады.

1.Шоқанның әкесінің аты?

2.Қандай тілдерді білді?

3. Шоқанның орыс досы ?

4. Шоқанның атақты саяхаты?

5. Шоқанның арғы атасы?

6. Шоқан зерттеген қырғыз жыры ?

7. Шоқанның шешесінің аты?

8. Шоқанның азан шақырып қойған аты?

9.Оқыған оқу орны?

2 –тапсырма. «Өз бақытың- өз қолында» тақырыбына эссе жазу (100 сөз)

канна канна    3   05.05.2020 07:17    2

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi