Шарың шатқалындағы жануарлар мен өсімдіктер туралы не білесіңдер​

angelinochka345 angelinochka345    1   07.09.2020 14:07    3

Ответы
AnyaFilenkova AnyaFilenkova  15.10.2020 18:22

Шатқалда, сондай-ақ, өсімдіктер мен жануарлар түрлері молынан кездеседі. Шатқал республикалық маңызы бар, ерекше қорғалатын аумақ саналады. Әрі ол Қазақстан Үкіметінің шешімімен жасалған экологиялық және ғылыми құндылықтар көп кездесетін жер қыртыстарының тізіміне енгізілген. Шарын шатқалы түрлі пішіндегі қамалдар мен қорғандар тәріздес жер бедерінің геморфологиялық нысандарына жатады. Сонымен қатар, шатқалдың қос қапталы неше түрлі табиғат ескерткіштеріне толып тұрғандықтан, бұл жер елімізде саяхатшылар мен туристерді ерекше қызықтыратын бірден-бір орын болып табылады.

Практе өсімдіктердің 940 түрі өседі, оның 60-қа жуық түрі бар. Ондағы өсімдіктердің 21 түрі қорғауға алынып, Қызыл кітабына енгізілген. Сүтқоректілердің 60, құстардың 300, бауырымен жорғалаушылардың 20, балықтардың 10 түрі кездеседі. Парк аумағынан ерте кездерде тіршілік етіп, кейіннен жойылып кеткен жануарлардың (пілдердің, мастодонттардың, мүйізтұмсықтардың, қорқау қасқырдың, стенон жылқысының, т.б.) қаңқа қалдықтары да табылған.

Паркті Үлкен Колорадо каньонының (АҚШ) кіші бауыры деп те атайды. Каньонның «Қызғылт қамалдар» деген тағы бір аталуы бар. Себебі бұл жердегі үнсіз жатқан алып жартастар өздерінің таңғажайып пішіндерімен таңқалдырады.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi