Шахмат – ғылыми ақыл-ой және халық шығармашылығы негізінде пайда болған ең танымды да, қызықты спорт ойыны. Шахмат ойынын тақта үстіндегі соғыс деуге болады. Ойын тұңғыш рет 5 ғасырда Үндістанда шыққан. Ежелден қалған аңыздар бойынша, шахматты ең алғаш болып біздің эрамызға дейін 1000 жыл бұрын Үндістандық математик ой-лап тауыпты. Шахмат ойынының тұңғыш аты «чатуранга». Шығыста ел билеуші патшаны шах деп атайды. Ал «мат» «өлді» деген сөз екен. Сонда «шахмат» сөзін: «Қарсыластың патшасына (короліне) өлім келсін!» – деп аударуға болады. Шахмат тақтасы ақ және қараға боялған бірдей 64 шақпаққа бөлінеді. Ойынның мәні де осында, мұнда «ақ жағы» мен «қара жағының» екі армиясы 64 шаршылы тақта үстінде шайқасады. Ойынды заңды түрде 2 ойыншы ойнайды.
Қорыта келе, шахмат адамды жылдам ойлануға, шешім қабылдауға және қадам жасауға итермелейді.Ойнау логикасы зейінділікті дамытуға, әр алуан варианттарды жылдам әрі дәл есептей білуге, жеңіске жетуге итермелейді деген ерік-жігерді қалыптастыруға басқа да моральдық қасиеттерді тәрбиелеуге көмектеседі.
4-тапсырма. Өздік етіс
жұрнақтары жалғанатын етістіктерді тауып, олармен сөйлем құраңдар.
Үлгі: Орау-ора+н