Үш сүзгілі тест Сократқа біреу келіп: – Досың жайлы не естідім айтайын ба? – дейді. – Тоқта. Маған бір сөз болсын айтар алдында кішкентай ғана тестіден өтуіңді сұраймын. Үш сүзгілі тест. – Үш сүзгілі? – Иә, менімен досым туралы сөйлесер алдында, бір сәт тоқтап, сөйлейтініңді сүзгіден өткізгенің абзал болар. Бірінші сүзгі – «Шындық сүзгісі». «Көз бен құлақтың арасы бір-ақ елі» деген даналардан қалған сөз бар.Тасжанның ондайы жоқ еді ғой. Досым туралы айтатының 100 пайыз шындық екеніне сенімдісің бе? – Жоқ. Негізі біреудің айтқанын Ақботадан естідім де, содан… – Жарайды. Олай болса, сен ол әңгіменің өтірік-рас екенін білмейсің. Екінші сүзгі – «Жақсылық сүзгісі». Досым туралы айтатының жақсы ма, әлде..? – Жоқ, жақсы емес, керісінше… – Сен рас болған-болмағанын білмей тұрып, досым туралы жаман нәрсе айтқың келді ме сонда? Оған қарамастан тестен өтуің мүмкін, соңғы сүзгі – «Керектілік сүзгісі». Досым туралы айтатының керегіме жарай ма? – Білмеймін ғой енді, бәлкім.. – Түсінікті. Маған айтатының шындық емес, жақсылық емес және қажеттілігіме жарамаса, оны айтып несіне әуре боласың?
ответ:Досы туралы естіген әңгімесін айтуға рұқсат сұрайды
Объяснение:
999%