Шәкірт ойы" өлеңінің құрылысына қарай талдау жасаңыз! Талдау реті сақталған болуы міндетті (тақырыбы, идеясы ...).

flag4 flag4    3   21.01.2021 20:03    1

Ответы
10672 10672  20.02.2021 20:04

Қараңғы қазақ //көгіне// а

Өрмелеп шығып //күн болам!// б

Қараңғылықтың// кегіне// а

Күн болмағанда,//кім болам?// б

Мұздаған //елдің жүрегін // в

Жылытуға //мен кірермін!// в

Өлеңнің авторы – Сұлтанмахмұт Торайғыров

Тақырыбы – Шәкірт ойы

Идеясы (грекше - түсінік, елес, бейне. Шығарманың негізгі ойы) - Халқын қараңғылықтан алып шығып, өзге елдермен теңестіру.

Жанры түрі (латынша - түр, тек. Іштей жіктелім жүйесі) – өлең. Өлең дегеніміз – белгілі бір өлшеммен қиыннан қиыстырып, үйлесімді ырғақпен ұйқасып келген өрнекті сөз жүйесі.

Шумақ саны – 3. Шумақ дегеніміз – аяқталған синтаксистік біртұтас ойды білдіреді.

Тармақ саны – 6. Тармақ дегеніміз – өлеңнің әр жолы.

Бунақ саны – 2. Бунақ дегенімз – белгілі дауыс ырғағымен бөлінуі.

Буын саны – 8. Буын дегеніміз – дауысты дыбыстың санына байланысты.

Ұйқас түрі – шалыс ұйқас. Ұйқас дегеніміз – өлеңнің бітім мазмұнымен тамырлас келіп, оған әуен ерекше сөз беріп тұратын әуен, ерекше сөз беріп тұратын өлең тармақтарындағы сөздердің үндестігі екендігі айтылады.

Әдеби теориялық ұғымдар – метафора – қараңғы қазақ, мұздаған ел

Түсіндірме сөздік – түсінуге қиын сөз жоқ

Өлеңнің түйіні - Қараңғы қазақ көгіне

Өрмелеп шығып күн болам!

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ