Үш бала орманға барды. Орманда жеміс-жидектер, құстар көп. Олар қыдырып жүріп, күннің қалай өткенін байқамай қалды. Енді үйлеріне қайтып келе жатыр. Ата-
анасына не деп айтарын білмей, қорқып келеді.
Үйдегілерге не дейміз? – деді балалардың бірі.
Олар жол бойына тұра қалып, ақылдаса бастады. Өтірік айту мен шындықты айтудың
қайсысы оңайырақ?
– Мен орманда қасқырдан тығылып отырдым деп айтамын. Сонда әкем маған
ұрыспайды, – деді бірінші бала.
– Мен жолда атамды кездестірдім деймін. Сонда анам ашуланбайды, –деді
екіншісі.
– Ал мен шынымды айтамын, – деді үшінші бала. –Шындықты айту
оңайырақ, себебі ештеңе ойлап табудың керегі жоқ.

Мәтін кейіпкерлерінің қайсысының пікірін қолдайсың? Неліктен?
Өз көзқарасыңды білдіріп, кейіпкерге хат жаз.

солнвшко солнвшко    2   14.05.2021 11:35    0

Ответы
nasowmza nasowmza  13.06.2021 11:38

Мен үшінші баламен келісімен!Өйткені, егер сен өтірікті айтсаң содан кейін ата аналары біліп қойып, ұрысуы мүмкін.Ал егер шындықты айтсаң,онда әрқашан ата аналары ұрыспайды.

Хаттар:

Бірінші мен екінші балаға хат: сендер енді келесі рет өтірік айтпаңдар,өйткені ата аналарың біліп қойуы мүмкін.Егер олар біліп қойса кешірім сұрау керек.

Үшініші балаға хат:

Сен жақсы баласың.Шын айту,ол дұрыс.Енді осылай әрқашан шын айтып жүр.Ешқашан өтірік айтпа.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi