Ш.Қанайұлының «Зар заман» өлеңінде
кездесетін «шекпен» сөзінің мағынасын
анықтаңыз.​

ilin265ilinMiha ilin265ilinMiha    3   24.12.2020 22:08    0

Ответы
Zlowmak Zlowmak  23.01.2021 22:08

Шекпен — жүннен тоқылатын сырт киім. Шекпен тек қана түйе жүнінен тоқылады. Күзеп алынған түйе жүнін шаң-тозаңынан арылтып, одан соң қолмен майдалан түтеді де, шүйке жасайды. Шүйкеленген жүнді ұршықпен иіреді. Шекпен тоқитын жіп өте жіңішке болады. Иірілген жіпті екі ағаштың арасынан ыспалап өткізіп, оның буылтықтарын кетіріп қайта өңдейді. Шекпен де терме бау тоқитын өрмекпен тоқылады. Тоқылып болған кездемені кәдімгі матадан киім пішкендей етіп өлшеп, шекпен пішеді. Шекпенді жазда киеді. Оған қара барқыттан не болмаса басқа тыстық матадан қаптал жаға (дөңгелек жалпақ жаға) салып, етек жеңін сондай матамен көмкеріп әдіптейді.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi