5-орын. Келесі бір ауқымды жалақы алатындар - ақпараттық технологиялар және телекоммуникациялар саласының мамандары екен. Сала бойынша орташа еңбекақы – 118 755 теңге, жоғары – 504 659 теңге. Мұнай-газ салаларының мамандары үшін орташа бір айлық еңбекақы – 197 926 теңге, ал жоғарысы – 3281 643 теңге. 4-орын. Шоу-бизнес әлемінде продюсер болудың да пайдасы жоқ емес. Ол үшін сізде жұмыс тәжірибесі және таныстарыңыз көп болуы керек. Екеуінен мақұрым болсаңыз ақша туралы армандамай-ақ қойыңыз. 3-орын. Бағдарлама жасаушылар, админстраторлар, қаржы саласының кеңесшілері, инженерлер, байланыс қызметкерлері де жаман табыс таппайды. Ал маркетинг, жарнама және PR бойынша мамандардың еңбекақыларының орташа деңгейі – 108 857 теңге, жоғары – 716 656 теңге. 2-орын. Сауда-өнеркәсіптік холдингтің бас директоры немесе қаржы директоры болсаңыз жаман табысқа кенелмейсіз. Кәсібіңіз мұнай және фармакология саласына қатысты болса тіптен жақсы. 1-орын. Ал әлемдегі ең бай адамдардың тізімінде көшбасшылық танытып тұрған - жеке фирма басшылары екендігіне таңырқамайсыз деп ойлаймын.