Ең алдымен тұлға деген ұғым - тарихи өлшем. Яғни, тарихи тұрғыдан ел, халық үшін орасан зор, тарихи мәні терең іс-әрекетке барған немесе аса жауапты тарихи сәттерде халық тағдырында айрықша орны болған адамға халықтың өзі осындай бағаны беріп отырған.Қазақ халқының шашасына шаң жұқпаған шешені де, тілінен бал тамған, қылышынан қан тамған ақындары мен батырларының болғанына халқымыздың өткені мен тарихы куә. Солардың бірі ғана емес бірегейі ауызымен орақ орған, сөзге шешен, халқының мұңын барлап, жоғын жоқтап, өзінің қара басынан гөрі елінің қамын жоғары қойған халық ақыны, жыр алыбы Жамбыл Жабаев.
Жамбылдың халықтың ақындық қазынасын жете, зерделей меңгеріп, жаңғырта, жаңарта дамытқан, омір-тіршілік даналығын көкірегіне тоқыған, елдің арғы-бергі тарихын әділдік, шындық сөзін ешкімнен де тайсалмай айтатын, өлеңі тау өзеніндей тасқынды үлкен дарын иесі екенін танимыз.Ол нағыз тарихи тұлға!