Сел өте қатты нөсерлі жаңбырдың соңын ала немесе өзен бастауына ұштаса таяу жатқан мұздықтардың күн
ысығандағы шұғыл еруінен, кейде жасанды бөген суының
жағаны жырып бұзуынан пайда болады.
Таудан құлаған лайлы-тасты тасқынның жылдамдығы се-
кундына шамамен 5-10 метрге дейін жетеді. Екпіндей ак-
қан сел тасқыны салмағы бірнеше тонналық тастарды дома-
латумен бірге діңіне адам құшағы жетпейтін биік ағаштарды
тамырымен қоса жұлып әкетеді. Сел тасқыны тау бөктерлеріне
таяу орналасқан елді мекендер үшін өте қауіпті.
Сел апатынан қорғану үшін қауіпті жерлерге арна,
көпір, су бөгендері салынып, тау беткейлеріне қар ұстайтын
ағаштар отырғызылады.
Алматыда арнайы сел тасқынын бақылау
ықтимал
стансысы жұмыс істейді. Оның бақылау пункт-
тері селдің жүру ықтималдығы мен су тасқыны жөнінде
Алматы мен оның төңірегіндегі елді мекендерге хабар беріп
отырады.

• Мәтін мазмұны бойынша бір-біріңе сұрақ қойыңдар.
• Сел апаты жағдайында шешім табуға бағытталған сұрақтар құ-
растыр.
• Қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талда. Қарамен жазылған сөз:Мұздықтардың,Тасөынның.
• Бұл сөздердегі қосымша қай септіктің жалғауы?​

111mart111 111mart111    3   22.01.2021 13:15    8

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi