сегодня надо 33-жаттығу. Зат есімдерді тауып мағыналарына қарай топтастырып жазыңыз.
1. Герат, Самарқант, Бұқара, сонымен бірге Тараз, Фараб, Отырар, Талғар, Алмалық, Сайран, Ордакент, Сауран, Сығанақ, Үзкент қалалары кезінде мәдениеттің үлкен орталықтары болды (Дастандар). 2. Сапардың төртінші күнінің таңертеңінде өркеш-өркеш қарлы таулардың сілемдері көрінді (Ш. А.). 3. Бетінде қайғы да жоқ, қасірет те жоқ, қорқыныш қана бар (Ғ. М.). 4. Оңтүстік жағында Сарымсақтының қарағайлы шоқысы үрпиіп тұр (М. Ә.). 5 Байсал да бір үлкен жолаушыдай боп, қалың киім киген... Сүйіндік аулына Абайлар ел орнына отыра келді (М. Ә.). 6. Әсіресе, қолқабыс ететін адамдарымызға риза болдым (Ғ. М.). 7. Хакім отырар орнын, сырласар адамын жаңа ғана тапқандай болды (Х. Е.). 8. Бұл пойыздың Шу мен Мойынқұм өлкесіне таяп қалғанының хабары еді.