Сделайте вопросы по тексту: Қазақ ұлттық мәдениетінің көне әрі аса құнды салаларының бірі – қолөнер , оның ішінде ою - өрнек . Ою - өрнектер әсемдік пен сәнділіктің белгісі . Сонымен бірге халықтың арман - ойының , тілек - мүддесінің нышаны . Ою - өрнектің мазмұнды ерекшеліктері сан алуан . Сонау жазу - сызу шыға қоймаған ерте заманда адам өз ойын тасқа , сүйекке , ағашқа ойып , қашап түсіріп отырған . Қазіргі қолөнер саласындағы суйек ою өнері , ағаш ою өнері деген сөздер — сол ерте заманда қалыптасқан ұғымдар . Қолөнердің сала - саласында кең қолданылып келген , өнердің өте көне әрі күрделі түрі – ою - өрнек өнері .