Сделайте каз.яз Хикаят үзіндісін түсініп оқыңдар.Үзінді қандай стильде жазылған?Тірек сөздерді жаз.
 Ұшақ ішінде, бұлт арасымен келе жатып, анам марқұмның басынан төрт патшаны қалай өткергенін бейнелі сөзбен баяндап қағазға түсірейінші деп ойладым. Алыс қиырға күн салып қараған жолаушыға ұқсадым. Адам көп жасайыншы деп көп жасамайды. Жаратқан иенің пәрменін орындайды. Босатқан дәм-ырзығын татып өтеді. Баяғыда, студент кезімізде, ұстазымыз Мұхтар Әуезов: «бәлі, мен өзім қос бірдей қоғамдық формацияны - феодализмді, социализмді бастан өткерген адаммын ғой», - деп сөз арасында айтып қалған еді. Сол айтқандай, жастық өмірін сонау жасыл белестің арғы қабағында қалған феодализмнен бастап, қызыл төңкерісті көріп, социализм дәуірін кешіп кеп, мына қазақ баласы ұлт ретінде тәуелсіздік алып, капитализмнің нарық машақатына топ ете түскенін көрген ел анасының бастан кешірген өмірін кезең-кезеңімен баяндап берсем ғой. Бәлкім, біреуге тасқа жанығандай қажыры өнеге болар, бәлкім, тастай берік төзім иесін тани түсер. Өмір сүре білудің өзі үлкен өнер. Сол өнердің күнгейі мен көлеңкесіне зер салып, көкірек көзімен қарап тәлім алар. Құрығанда, кейінгі буынға сабақ болар тірі сөзі қалар. Ендеше тәуекел еттім. Анам марқұмның көзі тірісінде әрқилы көңіл қалыбында отырып үзіп-үзіп айтқан әңгімесін бір желінің бойына тізіп, оқырманға қайта әңгімелеп беруге тәуекел еттім. Қабыл алыңыз.​

рудный1 рудный1    3   29.04.2021 10:37    7

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi