сделать заранее Тапсырмалар жиынтығы
Сабақтың тақырыбы: Мен Қазақстанның болашағымын
Сыныбы: 7 сынып
1-тапсырма. Жаңа сөздерді қайтала, есіңе сақта:
Білек-рука (ниже плеча)
Білектің күші- сила рук
Білекті –сильный.
Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады- Сильный побеждает одного, образованный- тысячи.
Найза – копье
Найзаның ұшы- наконечник копья
Олар білектің күшімен, найзаның ұшымен жерімізді сақтап
қалды-Они защитили наши земли силой и копьем.
Жанын салу- вложив душу, не жалея сил
Жанын салып қорғап, ғасырлар бойы күресу- бороться
веками, защищая с душой.
Паш ету-провозглашать
Нарық-рынок
2-тапсырма. Сұрақтарға жауап жаз
1)Картаға қарап, Қазақстанның қандай облыстары бар екенін жазыңдар
2) Кестені толтырыңдар
Солтүстік өңірдегі қалалар
Оңтүстік өңірдегі қалалар
Батыс өңірдегі қалалар
Шығыс өңірдегі қалалар
Орталық Қазақстандағы
қалалар
3-тапсырма. Мәтінді түсініп оқы.
Қазақстанның болашағы-бүгінгі жас ұрпақ, бізбіз. Біз тәуелсіз, егеменді
елде тұрамыз. Бұл тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ. Біздің ұлан-байтақ
жерімізді ата-бабаларымыз аман-есен сақтап, жеткізді. Сол үшін біз оларға
қарыздармыз. Олар жанын салып қорғап, ғасырлар бойы күресіп, жерімізді
сақтап қалды. Оны болашақ ұрпаққа жеткізу-біздің міндетіміз.
Қазақстан 1991 жылы 16 желтоқсанда ел егемендігін әлемге жариялады.
Алпауыт мемлекеттер Қазақстанның тәуелсіздігін мойындады. Қазір
Қазақстан барлық салада дамып келеді. Оны дамыту, алдыңғы қатарлы
50 елдің қатарына қосу-біздің міндетіміз. Өйткені біз өз еліміздің жарқын
болашағы үшін қызмет етеміз.
4-тапсырма. Мәтінді тыңдап, сұраққа жауап жазыңдар
1)Қазақстанның болашағы кім?
2)Қазақстан өз егемендігін қашан жариялады?
3)Қазір Қазақстан қандай мемлекет?
4)Қазақстанның болашағына сендер қандай үлес қосасыңдар?
Критерийлері:
Мәтінді түсініп оқу
Сұрақтарға толық жауап жазу
Өз ойын түсінікті етіп жазу
Сөйлемдерді дұрыс құрастыру
Рефлексия
Мәтінді толық түсіндім. Жаңа сөздерді есіме сақтадым
[Разрыв обтекания текста] Мәтінді түсінбедім. Жаңа сөздерді білмеймін.