сделать тест, 1. Түбірлес сөздерді көрсетіңіз.
А.Жолдау, жариялау, жобалау.
Ә. Оқу, оқушы, оқулық.
Б. Тәуелсіздік, тіршілік, тазалық.
В. Жоспар, жолдама, жол.
Г. Бағыт, бағдарлама, бағбан.
2. Туынды түбірлерді анықтаңыз.
А.Негізгі, мекені.
Ә. Өнім, жолдастық.
Б. Тәрбие, сөздер.
В. Береке, көрімдік.
Г. Елдік, баласы.
3. Омоним болатын қатарды көрсетіңіз.
А. Жігер, күш.
Ә. Сыр, шық.
Б. Терезе, есік.
В. Оқтау, тұтқа.
Г.Түбір, түн.
4.Буынның неше түрі бар?
А. 4
Ә. 3
Б. 2
В. 5
Г. жоқ
5.Асты сызылған есімдік сөйлемде қандай қызмет атқарып тұр?
Сендер нешеусіңдер?
А. бастауыш
Ә. баяндауыш
Б. толықтауыш
В. анықтауыш
Г. пысықтауыш
6.Омоним бола алмайтын сөзді табыңыз
А. қой
Ә. қала
Б. қол
В. қате
Г. қара
7.Синонимдік қатарды табыңыз
А. алыс, ұзақ, биік
Ә. түзу, тура, ұзын
Б. қиын, оңай, оңаша
В. алтын, күміс, қола
Г. дидар, ажар, келбет
8.Барыс септік тұлғасындағы сөзді табыңыз
А. жазғаның
Ә. білімдікі
Б. оқушымын
В. мектептен
Г. оған
9. Омонимді табыңыз:
А. Көрші қарт жүдеулеу, арықтау көрінді.
Ә. Жер қабатының әртүрлі жыныстары бар.
Б. Балалар жыбырламай, жүгірмей жым болды.
В. Жалғыз түйе бақырауық, жалғыз бала жылауық.
Г. Нүриланің жүзінде әлдебір мысқыл жүзіп жүр.
10. Көп нүктенің орнына мақсатты келер шақтың жұрнағын қой.
A. -ар.
Ә. -мақ.
Б. -сын.
В. -атын.
Г. - ер.
11. Болымсыз етістік қай сөйлемде?
A. Ол кітапханадан кітап ала ма?
Ә. Әсел алма жеді.
Б. Түнде тырнақ алма.
В. Алмас спортты сүйеді.
Г. Қалаға барасың ба?
12.Қай сөйлемде нақ осы шақта тұрған етістік бар?
A. Бағыты ояңған ерлердің
Әрбір ісі оң болар.
Ә. Мен ерте тұрамын.
Б. Қыстаудың сыртындағы мал қораға үйілген бір мая шөптің төңірегі қобырап жатыр.
В. Бір-бірінің тілін алғысы келмеген ағалы- інілі Асан мен Ақанның ойыны аяқталмай қалды.
Г. Есік ашылды.
13. Қай сөйлемде жедел өткен шақтағы етісік бар?
A. Ол оқуды биыл бітіреді.
Ә. Қар жауды.
Б. Көп жасаған білмейді,
Көпті көрген біледі.
В. Ол ауылға жиі баратын.
Г. Екеуі ертең келмек.
14. Мына сөйлемге қай қосымша лайықты?
Мұндай күнде үйде отыр...ң келмей, көшеде ұзақ жүре бер...ң келеді.
A. -са, -се
Ә. -сын, -сін
Б. -гі, -ғы
В. -йын, -йін
Г. -мақ, -мек
15. «Ит өлген жер» деген тұрақты сөз тіркестерінің мағынасы қандай?
А. иттер жүретін жер
Ә. шалғай жер
Б. ит асырайтын жер
В. жақын жер
Г. көкжиек
16.Қай мақал тіл туралы айтылған?
А. Өнерлі өрге жүзеді
Ә. Тірліктің күші бірлікте
Б. Тұған жерге туың тік
В. Тіл бас жарады, тас жармаса, бас жарады
Г. Өз елім- өлең төсегім
17.Өнер, білім туралы айтылған мақалды көрсетіңіз
А. Аңдамай сөйлеген, ауырмай өледі
Ә. Жақсыда кек жоқ, кекті де тек жоқ
Б. Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады
В. Елдің іші-алтын бесік
Г.Отан-оттан да ыстық

18. Тәуелсіз сөзінің синонимі
А. тәуелді
Ә. танымал
Б. егеменді
В. атақты
Г. Белгілі
19. Буын дегеніміз не ?
А. Тілдегі сөздердің бір-біріне мағыналары жағынан ерекшеленуі
Ә. Тілімізде дыбыстардың сырын ашады
Б. Дауыс құбылысының бірнеше толқынмен бөлшектеніп үзіліп-үзіліп айтылуындағы ауаның бір толқыны
В. Белгілі бір тілге ғана тән біркелкі, бір дыбысты дыбыс құбылыстарын сипаттап беру
Г. Дұрыс жауабы жоқ
20. Антонимді жұпты көрсетіңіз.
А. Жабады, ашады.
Ә. Көреді, жазады.
Б. Оқиды, жатады.
В. Сәулетті, қастерлі.
Г. Өнерлі, беделді.
21. Буынға қате бөлінген сөзді табыңыз.
А. Құ-мырс-қа.
Ә. Жо-лау-шы.
Б. Қа-йық.
В. Жа-рай-сың.
Г. Ад-ам.
22. Диалект сөзді табыңыз.
А. Қуырдақ.
Ә. Қамыр.
Б. Табақ.
В. Кәсе.
Г. Қазан.
23. Кәсіби сөзді қатарды табыңыз.
А. Қауын, қала.
Ә. Есік, қақпа.
Б. Көзілдірік, дәрі-дәрмек.
В. Компьютер, монитор.
Г. Әңгелек, торлама.
24. Көнерген сөзді сөйлемді көрсетіңіз.
А. Оңтүстікте қыс тез өтеді.
Ә. Кәрі тарих – кәрі шежіре.
Б. Болыс сайлауы болады деген лақап жұртқа тез тарады.
В. Үйдің іші ала-көлеңке.
Г. Біраздан кейін көзден біржола ғайып болды.
25.Кірме сөздердің қай тілден енгенін анықтаңыз.
Мектеп, тәрбие.
А. Орыс.
Ә. Араб.
Б. Парсы.
В. Моңғол.
Г. Түрік.
26. Термин сөзді қатарды табыңыз.
А. Қасым ұста іске жарайды-ау деген мүйіздерді жинады.
Ә. Төртінші баптың бірінші тармағында қаралады.
Б. Ініміздің пәтері төртінші қабатта.
В. Сұрапыл дауылға төтеп беру қиын-ақ.
Г. Қарағым, қолыңнан келеді, зерттеушілікпен айналысқаның жөн.
27.Терминдердің қандай ғылым саласына қатысты екенін табыңыз.
Аммиак, азон.
А. Физика.
Ә. Химия.
Б. Математика.
В. География.
Г. Биология
28. Туынды түбірлерді көрсетіңіз.
А. Ағажан, әкетай.
Ә. Адалдық, рақымсыз.
Б. Әлдірек, кеңдеу.
В. Жүрек, нашар.
Г. Кес, кесер.
29.Тілдегі сөздер мен фразеологизмдерді жинап-теріп, оларды жүйеге келтіру жұмыстарын тексеретін тіл білімінің саласын қалай атаймыз?
А. морфология
Ә. лексикология
Б. лексикография
В. тавтология
Г. Фразеология
30.Туынды етістікті көрсетіңіз.
A. Ойшыл, ойыншыл
Ә. Жая, қоя
Б. Көреген, сүзеген
В. Ойна, ойла
Г. Жала, тала

AnnPogodina1 AnnPogodina1    1   04.03.2021 19:17    7

Ответы
Волщебница Волщебница  04.03.2021 19:20

тербелістерді теріп жазу керек па

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi