«Сценарий шеберлігі негіздері» пәні бойынша аралық аттестация сұрақтары
1. Тақырып пен идея, сюжет пен композиция,, фабула, мазмұн, драмалық қақтығыс терминдерінің анықтамасы.
2. Драма туралы түсінік, драма жанрлары.
3. Қазақ драматургиясы қай кезде қалыптасты?
4. Қазақ драматургиясының негізін қалаушылар кімдер?
5. Әдебиеттің тегі мен түрі деген не? Бұл жанрлардың ұқсастықтары неде?
6. Шағын көлемді драматургия түрлеріне не жатады?
7. Қаһарман мен қақтығыс деген не? «Қобыланды батыр» жырындағы қақтығысты көрсетіңдер.
8. Қазақ балалар драматургтерін, олардың драмалық шығармаларын ата.
9. Ертегі кейіпкерлерінің бала психологиясына әсері қандай?
10. Тарихи-әлеуметтік тақырыпта жазылған драмалық шығармаларды ата.
11. Қиял-ғажайып тақырыпта жазылған драмалық шығармаларды ата.
12. «Жаралы гүлдер» пьесасын талдау. (тақырыбын, идеясын, сюжетін, композициясын табу).