Сатылай кешенді талдау жасау керек)) көмектесіп жіберіңіздерші
сырбай мауленов
қош бол, сәулем, қан майданға жөнелдім,
жаным барда жаудың жолын бөгермін.
я болмаса омырауымнан оқ тиіп,
жүрегімнің қанын жерге төгермін.
кейде аспанның аясынан жалт беріп,
сорғалаған жұлдыздай боп сөнермін.
жазғы гүлдей жас өмірдің үмітін,
қойны суық қара жерге көмермін.
қара түнге көп қадалып тесіле,
алып мені, қалқатайым, есіңе
батар күндей бір өртеніп, басарсың
торқа болған топырағымды төсіңе.
жылағанмен өлген оралмас,
бұлбұл қайтып бақшасына қона алмас.
сүйіп-ақ қой басқа жанды, сонда да,
нақ өзімдей бір сен үшін бола алмас.
қош бол, сәулем, қан майданға жөнелдім,
жаным барда жаудың жолын бөгермін.
бұлт астынан шыққан кундей жарқырап,
күте бер сен, мен оралып келермін.

красотка368 красотка368    2   15.11.2019 10:57    12

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi