Сарыарқа - Орталық Қазақстанда орналасқан. Батыстан шығысқа қарай бір мың екі жүз шақырымға созылып жатыр. Орташа биіктігі 500-600 метрдей. Солтүстігінде Батыс-Сібір жазығы мен оңтүстігінде Балқаш көлі және Бетпақ дала шөлі, шығысында Сауыр-Тарбағатай тау жүйесімен шектеседі. Сарырқаның негізгі жауһары – Бурабай шипажайлық аймағы. Мұғалжар – аса биік емес тас тізбегі, Орал тауларының оңтүстік сілеміне жатады. Мұғалжардың ең биік нүктесі – Үлкен Боқтыбай тауы (657 м). Солтүстіктен оңтүстікке қарай 450 шақырым. Ол Арал теңізі мен Мұғалжарды бөліп жатыр.
Маңғыстау таулары – Каспий теңізіндегі Маңғыстаулық жартылай аралында жатыр. Олардың құрамына Қаратаудың батыс және шығыс жоталары, Ақтаудың оңтүстік және солтүстік жоталары енеді. Қаратаудың ұзындығы – 117, Ақтаудың ұзындығы – 70 шақырым. Маңғыстау тауларының ең биік нүктесі – Қаратау-Бесшоқы 556 метрді құрайды.
2. Мәтіннен синоним/ антонимді анықтаңдар. 1 ұпай
«Емдеу аймағы» сөз тіркесінің синонимі -
«Аласа» сөзінің антонимі -
найдите синонимы и антонимы в этом тексте
емдеу аймағы - шипалық аймағы
аласа-биік